06 шіл, 2024 сағат 11:52

Астанабек, Астанадин, Астанат, Астанақұл: Елордаға орайластырып қойылған қанша есім бар

Сурет: Мир24

Қазақстанда Астана есімді 24 адам тұрады. Мұндай есімді адамдардың басым бөлігі ерлер — 17 адам, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ұлттық статбюроға сілтеме жасап

Мұндай есімі бар қазақстандықтарды Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан және Жетісу облыстарында, сондай-ақ Астана, Алматы, Шымкент қалаларында кездестіруге болады.

Сондай-ақ Астана атауын қамтитын өзге де есімдер бар.

Бұлар — Астанабек, Астанадин, Астанай, Астанақұл, Астанали, Астанахан, Астанат, Ерастанахан, Нұрастана, Саммидастана, Элин Астана, Ару-Астана.