24 мау, 2024 сағат 10:52

Астана әкімі өрттен зардап шеккен элиталы тұрғын үйдің қазіргі жағдайын көрсетті

Сурет: Астана әкімдігі

Астанада элиталық "Rixos Khan Shatyr Residences" ғимаратының өрттен кейінгі суреттері жарияланды. Елорда әкімі пәтерлердің қазіргі жағдайын көрсетті.

22 маусымдағы өрттен зардап шеккен "Rixos Khan Shatyr Residences" ғимаратының суреттерін елорда әкімі Жеңіс Қасымбек жариялады. 


Фотосуреттерде тұрғын үй кешенінің қаптамасы қатты зардап шеккенін көруге болады. Өзге де суреттерден пәтерлердің қандай жағдайда екені көсетілген.

"Қазір сарапшылар техникалық қорытынды береді, содан кейін қасбетті қалпына келтіруге және зардап шеккен пәтерлерді жөндеуге кірісеміз. Өрттің себебін қаламыздың Төтенше жағдайлар департаменті  анықтайды", - деп түсіндірді елорда басшысы.



Еске салсақ, Астанада "Хан Шатыр" сауда орталығының маңында тұрғын үйден өрт шығып 8 адам эвокуацияланған болатын.