Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубының Алматыдағы оқу-жаттығу орталығының базасында Ауған соғысының ардагері Борис Керімбаевтың жүлдесі үшін жекпе-жек ұрысы бойынша республикалық тунирі өтті.
Турнир қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте Шығыс Қазақстан облысының «Патриот» әскери-патриоттық клубы жеңімпаз атанса, Қостанай облысының «Олимп» әскери-патриоттық клубы екінші, Алматы облысының «Жетісу тарландары» әскери-патриоттық клубы үшінші орындарды иленді. Турнирге ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Қазақстан ардагерлері» Ауған соғысы ардагерлері ұйымы қауымдастығының» төрағасы Бақытбек Смағұл қонақ ретінде қатысты.
Шара барысында күштік экстрим бойынша танымал әлемдік рекордшы Сергей Цырульников өнер көрсеті.
«Біз үшін Спорт клубының қабырғасында Борис Керімбаевтай керемет адамның жүлдесі үшін жарыс өткізу үлкен құрмет. Борис Төкенұлы әрдайым өзінің ерекше батырлығымен, батыл назарымен дараланып тұратын тұлға. Ұрыс даласында әскери тәртіп пен ережені қатаң сақтап, қарсыласты жеңуді жақсы түсіне отырып, шешім қабылдайтын қасиетімен ол үлкен құрметке бөленген адам. Өзіне сеніп тапсырылған бөлімде алғашқы күннен темірдей тәртіп пен командир ретінде өзін сөзсіз мойындата білген. Барлық турнирге қатысуыларға сол кісі сияқты Отанымздың лайықты қорғаушылары болыңдар деген тілек айтамын», - дейді ҚР ҚМ АОСК басшысы подполковник Расул Мейірманов.