08 қаз, 2024 сағат 15:55

Арман Дүйсеновтің ұлы қайтыс болды


Танымал сазгер Арман Дүйсеновтің үлкен ұлы қайтыс болды. Қаралы хабарды журналист Ләйлә Сұлтанқызы Instagram желісіндегі парақшасында жеткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Тележүргізуші марқұмның отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл айтты.

"Осы жаңа суыт хабарды естіп, көңілім құлазып отыр. Қазақта "аталатсаң да, боталатпа" дейді ғой. Қазір Арманның жесірі, келіншегіне өте ауыр, қиын. Үлкен ұлы қайтыс болды дегенді естіп, отбасына қайғырып, көңіл айтамын. Бекем болыңыздар. Алла бәріне ғұмыр сыйласын",- деді журналист.


Осы ретте Ләйлә Сұлтанқызы көпшілікті бір-біріне сыйластық танытып, құрметтеуге шақырды.

"Бала дейміз, ата-ана дейміз, шапқылап жүреміз. Кейде бақытты сәттерді елемей, байқамай жатамыз. Сондықтан әрбір сәтті бағалайық. бір-бірімізді сыйлайық, құрметтейік. Шынында да қамшының сабындай қысқа өмір ғой", - деді ол.


Айта кетейік, Арман Дүйсенов 2023 жылдың қаңтарында мезгілсіз дүниеден өткен еді.