23 қаз, 2021 сағат 18:16

Антирекорд: Ресейде бір тәулікте 1 075 адам коронавирустан көз жұмды


Ресейде бесінші күн қатарынан коронавирустан қайтыс болғандар саны бойынша рекорд жаңарып отыр – өткен тәулікте вирустан 1 075 адам көз жұмды. Бір күн бұрын бұл көрсеткіш 1 064 болған. Аталған деректерді Жаңа вируспен күрес жөніндегі федералды жедел штаб жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Штаб деректеріне сай, пандемияның басынан бері вирустан барлығы 229 528 адам көз жұмған. Шартты өлім үлесі (нақты үлесі эпидемия аяқталғаннан кейін белгілі болады) – 2,8%. 

Атап айтқанда, бір тәулікте Мәскеуде 82, Санкт-Петербургте 67, Краснодар өлкесі мен Нижегород облысында 42-ден, Башқұртстанда 35, Ростов, Свердлов облыстары мен Ставрополь өлкесінде 34 адамнан қайтыс болды. 

Жаңа жағдайлар саны бір тәуліктің ішінде 37 678-ге өсіп, 8 205 923-ке жетті. Бұл да пандемияның басынан бергі ең жоғары көрсеткіш.

Осылайша, елдегі жұқтырғандар саны бойынша рекорд қатарынан үш рет жаңарып отыр. Жұқтырғандар үлесі 0,46%-ға артты.

Атап айтқанда, бір тәуліктің ішінде Мәскеу облысында 2 783, Самара облысында 997, Нижегород облысында 761, Воронеж облысында 729, Башқұртстан Республикасында 667 жағдай тіркелді.

Штаб деректеріне сай, белсенді жағдайлар саны 833 318-ге өскен.

Ал жазылып шыққандар саны бір тәуліктің ішінде 26 077-ге өсіп, 7 143 137-ге жетті. Жазылып шыққан науқастар үлесі 87%-ға дейін төмендеген.

Атап айтқанда, Мәскеуде ауруды жеңгендер саны 3 986, Санкт-Петербургте 2 887, Мәскеу облысында 2 333, Қырымда 823, Самара облысында 752, Башқұртстан мен Ульянов облысында 649 пен 630-ға көбейген.

Мәскеудің өзіне келер болсақ, онда коронавирус жұқтырғандар саны бір тәуліктің ішінде 7 803-ке өсіп, 1 761 650-ге жеткен. Бір күн бұрын бұл көрсеткіш 8 166 болған. Жұқтырғандар үлесі – 0,45%.

Ал қайтыс болғандар саны бір тәулікте 82-ге өсті, күн бұрын бұл көрсеткіш 79 болған. Барлығы қалада 30 619 адам (жұқтырғандардың 1,74%-ы) қайтыс болған, делінген штаб деректерінде.

Жазылып шыққандар саны Мәскеуде бір тәулікте 3 986-ға өсіп, 1 556 721-ге жеткен. Штабтың хабарлауынша, қазіргі кезде ел астанасында 174 310 адам ем алып жатыр.