23 қаз, 2024 сағат 15:00

Әнші Сиви Махмудидің бұрынғы күйеуіне іздеу жарияланды


Фото: видеодан алынған кадр/YouTube


Астана қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі қазақстандық әнші Сиви Махмудидің бұрынғы күйеуі Аңсар Қажымұханұлына іздеу жариялады, «Ұлт ақпарат» Kazinform-ға сілтеме жасап. 


Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдары порталында көрсетілгендей, іздеу ісі осы жылдың 21 қазанында Астанада тіркелген.


«Бастамашы: СЖҚІА. Тергеуді Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласындағы департаменті жүргізеді», - делінген хабарламада.


Ансар Қажымұханұлы мен әнші Сиви Махмуди он жылдай некеде тұрды.


Айта кетейік, Сиви Махмуди – қазақстандық танымал әнші, актриса және продюсер.