27 мау, 2024 сағат 17:51

Анасын іздеген Жәнібек Савельевтің ісіне байланысты қылмыстық іс қозғалды

Сурет: Qandastar.kz

Бельгиядан іздеп келген қазақ Жәнібек Савельевтің оқиғасына қатысты Ішкі істер министрінің орынбасары Марат Қожаев пікір білдірді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

"Жәнібек Савельевтің асыралуына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Қай уақытта, қай себеппен шетелге шыққаны анықталып жатыр. Әке-шешесі іздестіріліп жатыр. Нақты Жәнібектің оқиғасы сияқы істер бар деп айта алмаймын. Ондай істер жоқ", - дейді Қожаев.


Жәнібек Савельев  2023 жылдың соңында Қазақстанға  туған анасын іздеп Белгиядан келеді.