19 ақп, 2021 сағат 11:15

Алматының бас құтқарушысы тауда жоғалған адамдарды іздеуге дрон тиімді екенін айтты

Алматы құтқару қызметінің басшысы Дмитрий Чухонцев тауда жоғалған адамдарды іздеуде дрондардың тиімділігі туралы айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Оның айтуынша, жақында Шымбұлақ ауданында ер адамның денесі дронның көмегімен табылған.

«Жақында Шымбұлақ ауданында ер адамды іздестіру кезінде осы дрон қолданылған. Аппарат тиімділігін көрсетті. Болашақта дронды пайдаланатын боламыз. Тауда қолданылатын дрондар өте сапалы, кәсіби болуы керек. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан туристің маршрутын тауып қана қоймай, құтқару топтарының жұмысын үйлестіруі тиіс», - деді Дмитрий Чухонцев.

Оның айтуынша, қазіргі таңда құтқару қызмет кәсіби дрон іздеумен айналысып жатыр. 

«Өткен жолы тікұшақ көтеріле алмады. Себебі тұман болды. Ал метеоахуал қиын болған кезде тікұшақ көтеріле алмаса, осы жерде біз дронды қолдана аламыз. Бұл құрал уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді», - деді ол.