25 ақп, 2021 сағат 07:33

Алматыны қалың қар басып қалды

Алматы көшелері қалың қардың астында қалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

24 ақпанда Алматы қаласында сағат 16:00-де қар аралас жауын жауа бастады. Ауа температурасы минус 10 градусқа дейін төмендеді.

Қалаға 20-30 см, таулы аймақтарға 35-40 см қар жауды.

Көктайғақтың алдын алу үшін қар жауған кезден бастап жолдарға, қиылыстар мен жолайрықтардың кіреберістеріне, тау бөктері мен таулы аймақтарға көктайғаққа қарсы материал себіліп, қар тазаланды.

Қар тазалау жұмысына 560 техника бірлігі, оның ішінде 211 құмлақтырғыш жұмылдырлды.

Мыңнан астам жұмыскер қазір көшелердегі қарды күреп жатыр.

Көктайғаққа қарсы 3 540 тонна материал пайдаланылды.

Түнгі сағат 03.00-ден бастап қар күреу үшін колонналар жол полициясы патрульдік машиналарының еріп жүруімен ұйымдастырылды. Тротуарларды, жаяу жүргіншілер аймақтарын, қоғамдық көлік аялдамаларын, автотұрақ қалталарын, үстіңгі өткелдерді және ортақ пайдаланылатын жерлерді тазарту жұмыстары жүргізілуде.

Аудандық әкімдіктер мен қала әкімдігінде қар тазалау жұмыстарын тәулік бойы бақылайтын кезекшілік ұйымдастыры.