17 ақп, 2021 сағат 13:28

Алматылықтарға 2 мың тұрғын үй сертификаты беріледі

Алматыда көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға 2000 тұрғын үй сертификаты беріледі. Бұл туралы халыққа есеп беру жиынында Бақытжан Сағынтаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қала басшысы ипотека бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін және бастапқы тұрғын үйді сатып алу кезінде «тұрғын үй сертификаттарына» жергілікті бюджеттен қаржыландыру мәселесі қаралып жатқанын атап өтті. 

«Бұл мәселе біздің бақылауымызда. Біз қазірдің өзінде қанша үй берілетінін білеміз, әрбір алматылық өз кезегін электронды түрде бақылап, кімге үй берілетінін көре алады. Ешқандай құпия жоқ. Кезекті жеделдету жөніндегі жұмысымыз оны биылғы жылдың бюджетіне енгізді, біз көпбалалы аналарға тұрғын үй сертификатын беретін боламыз. Егер олар тұрғын үйді «отбасылық банк» арқылы сатып алатын болса, онда бастапқы жарнаға 2 млр теңге бөлдік. 2000 отбасы көмек ала алады», - деді Бақытжан Сағынтаев.

Бұл төлем келесі санаттар үшін қарастырылған: 

- көпбалалы отбасылар, мүгедек балалары бар немесе мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар; 

- жетім балалар, 1-2 санаттағы мүгедектер.

Айта кетейік, соңғы 3 жылда 10 мыңнан астам алматылық отбасы пәтер алды. Оның 1,3 мыңнан астамы қалалық тұрғын үй қорынан бөлінген және 8 мыңнан астамы жеңілдетілген ипотека бойынша бөлінген. 

Тұрғын үй алғандардың 40%-ға жуығы әлеуметтік жағынан осал топтар: 2,3 мыңнан астамы – көп балалы және толық емес отбасылар, 600-ге жуығы-мүмкіндігі шектеулі адамдар, 300-ден астамы-жетім балалар.

Сонымен қатар, «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында тұрғын үйге жылдық 2%-бен жеңілдікпен несие беру қарастырылған. Бұл ретте тұрғын үй құрылыс Отбасы банкіндегі төлем қабілеттілігін бағалау жеңілдетілген тәртіппен жүргізілуде. Бағдарламаға қатысушы қарыз бойынша ай сайынғы төлемді төлеу үшін кірістерді және бір ересек адамға 5 АЕК мөлшерінде тұру үшін ең төменгі соманы растауы қажет. Төлем қабілеттілігін бағалау кезінде балаларға арналған шығыстар ескерілмейді.