#
#
Сейсенбі 02/03/2021

Алматылықтар қызыл кітапқа енген емен ағаштарының кесілуіне қарсы

  • 22.02.2021
  • 0
  • 108

Алматы тұрғындары үйдің ауласындағы құрылысқа қарсы. Белсенділер Қызыл кітапқа енген емен мен басқа ағаштарды көпқабатты тұрғын үй кешенін салу үшін кесіп тастаулары мүмкін деген болжам жасады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

№1 шағынауданындағы №77 үйдің жанындағы автотұрақтың орнына көпқабатты тұрғын үй кешенін салмақшы. Құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін Қызыл кітапқа енген емен мен басқа ағаштарды отап тастаулары мүмкін. Қазірдің өзінде мердігер компания Саин көшесі бойындағы ағаш бұталары мен көгалды жойып жіберді», - деп жазады алматылықтар Facebook-те. 

Қалалық жасыл экономика басқармасының баспасөз қызметі тұрғындардың шағымына жауап берді. 

«Біздің мамандар аталған мекенжайға барды. Емендерді кесу фактісі расталмады. Санитарлық кесу де жүргізілмеген. Сонымен қатар, Алматы қалалық жасыл экономика басқармасына ағаштардың кесілуі туралы шағым түскен жоқ», - деп жауап берді басқармадағылар.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар