10 нау, 2021 сағат 11:31

Алматылықтар қай елдерден коронавирус жұқтырып келетіні белгілі болды

Алматы қалалық Санитарлық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова көбінесе вирус жұқтырған азаматтар қай елден келетінін айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Бүгінде вирус жұқтырғандар көбінесе БАӘ елінен келгендер арасында тіркеліп жатыр. Екінші орында Түркия, Египет, одан кейін Украина, Беларусь елдерінен келгендер арасында тіркеледі», - деді Әсел Қалықова.

Сонымен қатар, оның айтуынша, ПТР тест жасатпай келетін жолаушылар саны артқан. 6-8 наурыз аралығында ПТР талдауынсыз 700 жолаушы келген. 

«Кеше ПТР талдауынсыз 56 жолаушы келген», - деді спикер.

Оның айтуынша, коронавирус көбінесе қоғамдық көліктен, отбасылық қатынастан, сауда орындарынан жұғып жатыр.