
9 сәуір күні Алматыға коронавирусқа қарсы вакцинаның 57 мың дозасы жеткізіледі, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«5 сәуір күні 4 764 алматылыққа коронавирусқа қарсы екпе салынды. Жалпы, Жалпы, 1 ақпаннан бастап 44 315 тұрғын «Спутник-V» вакцинасының бірінші компонентін алды. Қазір емдеу мекемелерінде 6 335 доза қалды. Вакцинация процесі жалғасуда. Вакцинаның 5-траншы 9 сәуірде келеді. 57 445 доза күтілуде», - деп хабарлады Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.
