
Биыл Алматыда 200-ден астам автобус сатып алу жоспарланып отыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Мегаполисте қоғамдық көліктің жұмысын жақсартып, жолаушылар тасымалы сапасын дамыту мақсатында 2021 жылы 233 бірлік автобус сатып алынады.
«Алматылектротранс» ЖШС 150 газбен жүретін автобус сатып алады.Сонымен қатар жеке меншік тасымалдаушылар 45 қоғамдық көлік пен 38 бірлік электр автобустарын жеткізеді», - деп хабарлады Алматы қалалық мобильділік басқармасы.
Сонымен қатар, биыл Алматы метросы да поездар санын артыруды көздеп отыр.
