17 ақп, 2021 сағат 10:06

Алматыдан Қаскелең мен Талғарға электр пойызы жүретін болады

Қаскелең мен Талғарға Алматыдан электр пойызы жүреді. Бұл туралы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев халыққа есеп беру кездесуінде айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Оның айтуынша, адамдар мен автокөліктің күн сайынғы ары-бері қозғалысынан туындайтын салмақты азайту мақсатында қала сыртына қатынайтын қоғамдық көлікті дамыту қажет.

Әкімдік тарапынан қажетті шаралар қабылданып жатыр.

«Қазір Қаскелең мен Талғарға Алматыдан электр пойызын жүргізу мәселесі қолға алынып отыр. Мысалы, Мәскеуде жақын маңдағы елдімекендерге жүретін «электричкалар» бар. Сол сияқты біз де Талғардан «Халық Аренаға» дейін қатынайтын электричканы іске қосуды қарастырып жатырмыз. Осындай жобамен бізге жеке инвестор өзі шығып отыр. Дәл осындай мәселені Қаскеленң жақтан жүргізуді де қарастырып жатырмыз», - дейді әкім.