12 сәу, 2021 сағат 12:28

Алматыдағы Саин көшесі үш шақырымға ұзартылады

Алматыдағы Саин көшесін үш шақырымға ұзарту жоспарланып отыр. Бұл туралы қалалық мәслихаттың депутаты Михаил Грачев мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Оның айтуынша, Саин көшесін Рысқұлов даңғылы мен Ақын Сара көшесі аралығында ұзартпақ. Ұзындығы 3 шақырымнан асатын жаңа торап қаланың солтүстік батыс бөлігін орталықпен жалғайды.

«Қазіргі уақытта Назарбаев даңғылын Райымбектен Жансүгіровке дейін ұзарту жұмыстары жүргізілуде. Қараша айында аяқталады деп күтілуде», - деді Михаил Грачев.

Сондай-ақ ол Назарбаев даңғылын ұзарту арқылы көлік жүктемесін 20%-ға дейін төмендетуге болатынын атап өтті. Сонымен қатар бұл - шаһардың ірі жолдарындағы көлік ағыны мен кептелістерді азайтуға ықпал етеді.