04 нау, 2021 сағат 13:10

Алматыдағы перзентханада әйел қайтыс болды

Алматыдағы 5-перзентханада бір әйел қайтыс болды. Бұл туралы Қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары Лаура Мырзағали мәлімдеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Ана өлімі болғаны рас. Бұл Алматыдағы 5-перзентханада 2 наурызда болған. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр. Сот-медициналық сараптамасын күтіп отырмыз», - деді басшы орынбасары. 

Сондай-ақ, ол перзентханадағы жағдайдың бақылауда болатынын жеткізді. 

«Жемқорлық туралы ақпарат бізге түскен жоқ. Егер тергеу барысында анықталса біз өз тарапымыздан шара қолданамыз. Өздеріңіз білесіздер шешілетін, алдын алуға болатын, болмайтын жағдайлар болады. Сол себепті барлық жағдайды бақылауда ұстаймыз. Ал ана өліміне қатысты проблема аурухана басшылығы тарапынан кеткен қателіктен, ұйымдастыру жұмыстарына салғырт қараудан болса Қоғамдық денсаулық басқармасы аталған фактіні назардан тыс қалдырмайды, қатаң шара қолданатын болады»,- деді Лаура Мырзағали.