07 сәу, 2021 сағат 12:42

Алматыдағы Абай көшесін ұзарту жұмысы қашан аяқталмақ?

Биыл Алматыдағы екі көлік жолайрығының құрылысы аяқталады. Бұл туралы қалалық мобильділік басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Жер учаскелерін сатып алуға бюджеттен қаражат уақтылы бөлінсе, Рысқұлов даңғылы мен Емцов көшесіндегі жолайрықтардың құрылысын 2021 жылы аяқтау жоспарда. Алматы қаласының жер қатынастары басқармасының ақпараты бойынша, жер учаскелерін сатып алу үшін 170 млн теңге сомасына бюджеттік өтінім берілді», - деп хабарлады басқармадан. 

Сонымен қатар, биыл Абай көшесін ұзарту жұмыстары аяқталады. 

«Әуезов көшесіне келер болсақ, қазіргі уақытта №1 учаске бойынша: Әуезов көшесін Гоголь көшесіндегі «Silver House Building» ЖШС-не тиесілі жер учаскесінің шекарасына дейін қалпына келтіру бойынша жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп, мердігерлерді анықтау жұмыстары жүргізілуде. Бұл көшені ұзарту үшін жер учаскелерін сатып алу қарастырылмаған»,- деп атап өтті басқармадағылар.