
Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев жүк көліктерінен шығатын зиянды қалдықтарды азайту үшін қолданылатын шаралар туралы айтты, деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».
Мегаполис басшысы Facebook-тегі парақшасында қоршаған ортаға түсетін техногендік жүктемені азайту үшін атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтты.
«Қоршаған ортаға техногенді жүктемені азайту жұмыстарын жалғастырудамыз. Қоғамдық және коммуналдық автопарктерді экологиялық таза отынға ауыстыру жұмысымен қатар транзиттік жүк көліктерінің қозғалысын шектеу мүмкіндігін де зерделейміз. Жүргізілген мониторинг нәтижиесі бойынша қалаға тәулігіне 17 мыңнан астам жүк көлігі қатынайды екен», - деп жазды қала әкімі.
Бақытжан Сағынтаевтың айтуынша, бұл мәселені жан-жақты зерделеу үшін Полиция департаменті мен Жасыл экономика басқармасының қызметкерлері, сарапшылар қауымдастығы, сондай-ақ көлік пен коммуникация ҒЗИ мамандары тартылды. Қазіргі уақытта ластаушы қалдықтың көлемі, маршрутты әзірлеу мен өткізу қабілетін есептеу бойынша зерттеу жүргізілуде. Нәтижесінде мегаполистің экологиясы жақсарады.
