12 сәу, 2021 сағат 14:11

Алматыда жедел жәрдемге тәулігіне 2,5 мыңнан астам қоңырау шалынады

Алматыда жедел жәрдем қызметіне тәулігіне 2 500-ден астам қоңырау соғылады. Бұл туралы онлайн брифинг барысында қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілі Светлана Сұлтанғазиева айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Өткен аптада бізде күніне 700-ден астам адамнан коронавирус табылды. Осы аптаның алғашқы күні - бүгіннің өзінде бізде 610 жағдай. Жедел жәрдемге түскен қоңыраудың ең көбі өткен аптада тіркелді, тәулігіне 2 500-ден астам шақыру болды, кешегі жағдай бойынша қоңырау саны - 1 900-ге жуық. Жедел жәрдем өзіне түскен ауыртпалықты жақсы еңсеріп жатыр. Сонымен қатар, емханалар күрделіліктің төртінші санатындағы қоңырауға қызмет көрсетеді, емханалар күніне 400-500 қоңырауға жауап береді», - деді ол.