
Алматыда жедел жәрдем көлігі мен жеңіл көлік соқтығысып қалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Жол апатының видеосы әлеуметтік желіде таралды.
«13 наурызда Байтұрсынов пен Жамбыл көшелерінің қиылысында 43 жастағы Hyundai H-350 маркалы жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі Ravon автокөлігімен соқтығысып қалды», - деді ПД.
Жол апатынан Ravon көлігінің 35 жастағы жүргізушісі жарақат алды. Дәрігерлер оның денсаулығын тексеріп амбулаториялық емнен соң үйіне жіберді.
Оқиғаның мән-жайын Алмалы аудандық ПБ тексеріп жатыр.
