02 сәу, 2021 сағат 15:30

Алматыда вакцинация бойынша арнайы жоба әзірленді

Алматыда вакцинация бойынша арнайы жоба әзірленді. Бұл туралы Алматы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасының өкілі, телемедицина орталығының басшысы Лаура Мырзағали онлайн брифинг барысында мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Қала әкімінің тапсырмасы бойынша біз қазір көп мөлшерде вакцинаның келуін күтіп отырмыз және оны бөлу бойынша арнайы штаб құрылды. Оған қоса Алматының вакцинациялау жұмысының жоспарын жасап шықтық, оны бүгін қала әкімімен бекітеміз. Вакцинациялау бойынша үлкен жұмыс атқарылды және оған қаланың бизнес қауымдастығы да тартылды. Қазір қаладағы ірі сауда үйлері мен базарларда, мектептерде вакцина салу орындарын ашу мәселесі қаралып жатыр», - деді Лаура Мырзағали.

Алматыда қазір 56 екпе салу кабинеті жұмыс істеп тұр, оның 16-сы жекеменшік ұйымдарда. 

Бұған дейін Алматы әкімі қалаға ай сайын 250 мың доза вакцина бөлінетінін айтқан болатын.