Алматыдағы Орталық мәдениет және демалыс саябағындағы әйелдің өліміне қатысты жағдайдың мән-жайы белгілі болды.
Алматыда айналмалы шеңберден құлап мерт болған жас келіншек, өз-өзіне қол жұмсамас бұрын кішкентай қызын өлтіргені анықталды.
Алматы облысының полициясы ақпаратты растады.
«Кәмелетке толмаған баланың өліміне қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесі үшін басқа мәліметтер жария етілмейді», – деп атап өтті ведомстводан.
Айта кетейік, Алматыда қыз айналмалы шеңберден құлап мерт болды. Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады.
Қайғылы жағдай 24 маусым күні Алматының орталық саябағында болған.
Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім еткеендей, қыз жедел - жәрдем келгенге дейін қайтыс болып кеткен.