#
#
Жексенбі 11/04/2021

Алматыда студенттерге арналған екі жатақхана салынып жатыр

  • 24.02.2021
  • 0
  • 182

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров онлайн форматта ЖОО ректорларымен жатақхана құрылысы мәселесі жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Кеңесте «Елбасының бес әлеуметтік бастамасы» аясында жатақхана құрылысының барысы қаралды. Басты міндет – студент жастардың өмір сүру жағдайларын жақсарту, оларды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз ету. 

Алматыда 6 жатақхана пайдалануға берілді. Тағы екі жатақхана салынып жатыр. Құрылыс жұмыстары 2022 жылдың басында аяқталады. 

Сонымен қатар, 30 жатақхана құрылысы бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде. Жаңа нысандарды салу үшін барлығы 22 жер учаскесі анықталды. Жалпы 16 мыңнан астам төсек-орын құру жоспарлануда. 

Кеңеске Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің, Халықаралық бизнес университеті (UIB), Каспий қоғамдық университеті, Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясының, Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті, Алматы технологиялық университетінің басшылығы қатысып, сөз сөйледі.

Көтерілген мәселелерге қалалық жер қатынастары басқармасының басшысы Ардақ Самамбетов, қала құрылысын бақылау басқармасы басшысының орынбасары О.Төлебаев түсініктеме берді.

Кеңес қорытындысы бойынша әкімнің орынбасары Ержан Бабақұмаров тиісті басқармаларға «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының қағидаттарын ескере отырып, жатақханалар салу жөніндегі жобаларды іске асыру, сондай-ақ рәсімдік мәселелерді жеделдету және жоспарланған объектілерді уақтылы және сапалы пайдалануға беруді қамтамасыз ету бойынша бірқатар тапсырма берді.

Айта кетейік, жатақхана құрылысы инвесторлардың қаражаты есебінен жүзеге асырылуда. ҚР Білім және ғылым министрлігінің шешіміне сәйкес, нысан пайдалануға берілгеннен кейін 8 жыл ішінде инвесторлар үшін инвестициялардың қайтарымы регламенттелген.

Осыған байланысты пандемия және инвесторлардың экономикалық қиындықтары жағдайында құрылыс мерзіміне өзгерістер енгізілді.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар