05 сәу, 2021 сағат 12:31

Алматыда сауда орталықтарының алдында ұзын-сонар кезек пайда болды

Алматыдағы «Grand Park» орталығында ұзын-сонар кезек пайда болды. Әкімдік осыған байланысты түсінік берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Алматылықтар әлеуметтік желіде жарияланған іGrand Parkі сауда-ойын-сауық кешені алдына жиналған үлкен кезектің видеосын талқылап жатыр. 

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мониторинг тобы бұл нысанды тексеріп, тиісті шара қабылданғанын айтты.

Еске салайық, Алматыда шектеулі карантиндік шаралар жеңілдетілді. Сауда орталығы мен базарларға жұмыс күндері жұмыс істеуге рұқсат берілді.