10 нау, 2021 сағат 11:14

Алматыда педагогтар мен полиция қызметкерлерін вакциналау басталды

Алматыда педагогтар мен полиция қызметкерлері коронавирустан вакцина қабылдай бастады. Бұл туралы қалалық Санитарлық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Иа, вакцинация басталды. Қаланың мұғалімдерін вакциналау кешеден бері жүріп жатыр. Бір тәулікте 300 адамға салынуы тиіс. Полиция департаментінің қызметкерлерін де вакциналау басталды», - деді брифинг барысында Әсел Қалықова.

Кеше 20 мұғалім, 50 полиция қызметкеріне екпе егілді.

Айта кету керек, вакцина салдыру 1 ақпаннан бастап ерікті түрде жүргізіліп жатыр.