
Алматының өрт сөндірушілері жанып жатқан пәтерден бір ер адамды құтқарды. Өкінішке қарай, бір әйел мерт болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, өрт темекі тұқылынан шығуы мүмкін.
«16 ақпан кешкі сағат 21:47-де Алмалы ауданының өрт сөндірушілері Бөгенбай батыр көшесі, № 305 мекенжайында өрт болғаны жайлы хабарламаға шықты.Келген кезде, екі қабатты үйдің екінші қабатындағы пәтер ашық жалынмен жанып жатқанын анықтады.Терезеден көмек сұрап, секіруге ұмтылған 1988 жылы туған ер адамды өрт сөндірушілер үш иінді сатымен құтқарып үлгерді» деп хабарлады ведомствадан.
Жанып жатқан екі бөлмелі пәтерде жоғары температура мен тығыз түтін пайда болды.
Шұғыл түрде газ-түтіннен қорғау қызметі өртті сөндіруге өрт оқпандарын жіберді.
Қызыл жалын 13 минут ішінде сөндірілді.
Өртті барлау және сөндіру барысында бір әйелдің денесі табылды.
Қазір полиция қызметкерлері оның кім екенін анықтап жатыр.
