16 сәу, 2021 сағат 07:47

Алматыда өзіне қол салмақ болған әйелді полицейлер құтқарып қалды

Алматылық полицейлер көпірден секіріп өлмек болған әйелді ажалдан арашалап қалды. Оқиға бүгін 16 сәуір таңғы сағат 7-лер шамасында болған, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Көпірдің үстінде отырған алматылықтың видеосы әлеуметтік желіде тарады. 

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға бүгін таңғы сағат 6:49-да болған. 

«102» пультіне қоңырау шалған куәгер, Абай даңғылы мен Шаляпин көшесі арасындағы жаяу жүргіншілер көпірінің төбесіне жас қыздың шығып алып, өзін-өзі өлтірмек болғанын айтты. Оқиға орнына жедел патрульдік полицияның бірнеше экипажы дереу жетті. Нәтижесінде, қыз аман-есен құтқарылды. Белгілі болғанындай 1996 жылы туған жас келішектің мұндай қадамға баруына отбасында шыққан жанжал себеп болған.Ол жолдасымен ренжісіп қалыпты. Қуанышымызға орай, қайғылы жағдай орын алған жоқ, біз оны тоқтата алдық», - деп хабарлады полициядан.