Алматыда «Медеу» мұз айдынының 50-ші мерейтойлық маусымы ашылды. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Instagram-парақшасында жазды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
««Медеу» мұз айдынында 50-ші мерейтойлық маусым ашылды. Қаладағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай ескеріліп, мұз айдыны 2500-ден астам адам қабылдай алады. Кіру – Ashyq арқылы.
Сеанс 3 сағатқа дейін созылған. Демалыс пен мереке күндері кешкі мұз айдыны түн ортасына дейін жұмыс істейді.
Қала тұрғындарына ыңғайлы болу үшін «Медеуден» шығатын №12 бағытындағы автобустың соңғысы түнгі сағат 00.30-да шығады. Сонымен қатар, Балуан Шолақтан – «Медеу» мұз айдыны бағыты бойынша экспресс-маршруттың жұмысы қайта жанданды. Алғашқы күндері экспресстер демалыс пен мереке күндері 9.00-ден 19.00-ге дейін жүреді», - деп жазды қала әкімі.