09 сәу, 2021 сағат 11:09

Алматыда эпидемиологиялық ахуал нашарлап барады - департамент

Алматыда коронавирус жұқтырған науқастардың саны өсуде. Бұл туралы Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Алматыда эпидемиологиялық ахуал нашарлап барады. Пандемия басталғалы бері мегаполисте коронавирус инфекцияның 39 655 жағдайы тіркелді (100 мың тұрғынға шаққанда 1 948,9). Жыл басынан бері 21134 адам індет жұқтырды (100 мың тұрғынға шаққанда 1 038,7), наурызда - 9 525 жағдай тікелсе, 8 сәуірде - 5 057 адамнан індет шықты. Өткен тәулікте 717 алматалықтан коронавирус инфекциясы табылды. Күнделікті өсім 1,8 құрады», - деп атап өтті департаменттің баспасөз қызметі. 

Эпидемиологтардың айтуынша, қазіргі уақытта коронавирустың үшінші толқыны жалғасуда. Бұл мутацияланған штамдарға байланысты болып отыр.

«1 жасқа дейінгі балалар арасында КВИ ауруының өсуі жалғасуда, қазіргі таңда аптасына 64 жағдайға дейін жетті: наурыздың 1-ші аптасы - 12 жағдай (КВИ – ның әдеттегі ағымы), 2-ші аптада – 27 жағдай (мутацияланған штаммдарды тіркеудің басталуы), 3-ші аптада – 41 жағдай, 4-ші аптада – 54 жағдай, сәуірдің 1-ші аптасында - 64 жағдай, яғни 1 жасқа дейінгі балалар арасында КВИ жағдайларының апталық тіркелуі мутацияланған КВИ штаммдарының таралуына қарағанда 5,3 есе; 14 жасқа дейінгі балалар арасында – 107 жағдайдан 372 жағдайға дейін, яғни 3,5 есеге өсті»,- деп хабарлады департаменттен.