12 нау, 2021 сағат 11:11

Алматыда демалыс күндері қоғамдық көліктер жүрмейді

Алматыда 13,14 наурызда қоғамдық көліктер жүрмейді, яғни автобустар мен метро жұмысы тоқтатылады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Қаладағы эпидемиологиялық жағдайдың төмендеуіне байланысты 13,14 наурызда қоғамдық көліктер жүрмейді. Мұндағы мақсатымыз - індеттің алдын алу және таралып кетуін болдырмау. Ал дүйсенбі, 15 наурызда сағат 6:00- ден бастап қоғамдық көліктер өз жұмысына кіріседі»,- деді қалалық жұмылдыру басқармасы.

Алматы «қызыл» аймаққа енді. Қалада карантиндік шаралар күшейтілді.