
Алматыда дәрі-дәрмектің жеткілікті қоры бар. Бұл туралы онлайн брифинг барысында Алматы қаласы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жөніндегі үйлестірушісі, «Almaty Finance» басқармасының төрағасы Тимур Хаиров айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Оның айтуынша, коронавирусқа қарсы дәрілік препараттардың тұрақтандыру қоры Алматы қаласы әкімдігінің 2020 жылғы шілдедегі шешімімен құрылды. Оған шамамен 5 млрд теңге бөлінді.
«Фармацевтикалық компаниялар 47 млн бірліктен астам дәрілік құралдар және 68 позиция бойынша медициналық бұйымдар сатып алуды жүзеге асырды. Шамамен 27 млн бірлік дәрілік құралдар Алматы қаласының дәріханаларына жеткізілді және қоймаларда шамамен 20 млн препарат бар, оның 8 млн препараты азайтылмайтын қалдықты құрайды»,- дейді Тимур Хаиров.
Сонымен қатар, ол қаланың аудан әкімдіктері КВИ-ді емдеу хаттамасына кіретін 22 негізгі позиция бойынша 375 дәріханаға жүйелі түрде мониторинг жүргізілетінін атап өтті.
«Биылғы жылдың 21 қаңтарында кардиомагнил 150 мг №100 және кардиомагнил 75 мг №100 препараттарына жаңа шекті бағалар бекітілген. Аталған өзгерістер қалған дәрілердің қайта бағалауын жүргізу, көтерме сату дистрибьюторларымен және бөлшек сату желілерімен қайта шарттар жасасу қажеттігіне байланысты, бүкіл Қазақстан бойынша дәріхана желілеріне кейбір препараттардың жеткізілімінің уақытша қиындықтарын тудырды. Жекелей алғанда, Кардиомагнил препараты жеткізілімнің уақытша кідірістері болды. Бірақ, қала дәріханаларында «Ацетилсалицилды қышқыл» халықаралық патенттелмеген атауымен сондай басқа да препараттар болды. Олар Тромбопол НЕО, Асс тромбин, Тромбо АСС және басқа да осы секілді дәрілер»,-дейді спикер.
«Эмити», «Зерде» көтерме компаниялар қазір кардиомагнилдың жаңа шекті бағаларына сәйкес шамамен 11 мың орамын алды және оларды бөлшек сату үшін Алматы қаласының дәріханаларына жеткізуде. «Эмити» компаниясы препаратты 1 дәріханамен қатар, жеке дәріхана желісі арқылы да бөлшек сатумен айналысатын 77 заңды тұлғаға, «Зерде» 43 заңды тұлғаға жөнелтті.
