25 ақп, 2021 сағат 10:00

Алматыда дабыл белгісі іске қосылады

Бүгін түскі сағат 12: 55-те Алматыда дабыл (сирена) белгісі іске қосылады, деп хабарлайды, «Ұлт ақпарат».

«2021 жылы 25 ақпанда сағат 12.55-те Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті қоғамдық ескерту жүйесінің дайындығын жоспарлы техникалық тексеруден өткізеді. Жаттығу кезінде: «Назар аударыңыздар!» хабарламасымен бірге электронды дабыл іске қосылады. Оған қоса, телерадиоарналардың жұмысы автоматты түрде тоқтатылып, дабыл хабарламасы таратылады»,- деп хабарлады Төтеше жағдайлар департаметінен.

Департаменттегілер Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарынан сабыр сақтауды сұрайды.

Егер дабыл кезінде сіз үйде болсаңыз, онда:

- радиоқабылдағышты немесе теледидарды қосыңыз;

- төтенше жағдай туралы хабарламаны тыңдаңыз;

- берілген хабарламаға сәйкес әрекет етіңіз.

Егер дабыл кезінде көшеде болсаңыз, онда:

- көшедегі дауыс зорайтқыштармен және мобильді ескерту құрылғыларымен жіберілген төтенше жағдай туралы хабарламаға құлақ асыңыз;

- берілген хабарламаға сәйкес әрекет етіңіз.