23 ақп, 2021 сағат 10:19

Алматыда бірқатар үйге жылу беру уақытша тоқтатылды

Алматының Медеу ауданы тұрғындарының бір бөлігі жылусыз қалмақ, деп хабарлайды «Алматы жылу желілері».

23 ақпанда Желтоқсан - Тимирязев - әл-Фараби, Достық көшелері мен «Самал-1», «Самал-2» және «Самал-3» шағынаудандарында орналасқан тұрғын үйлерге және басқа нысандарға жылу беру уақытша тоқтатылады.

«Жылу және ыстық су бүгін түнгі сағат 23:00 -ге дейін болмайды. Жылу желілеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жылу беру уақытша тоқтатылды»,- деліген хабарламада.

Сондай-ақ, бүгін Алмалы және Жетісу ауданына қарасты бірқатар тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттар суық судан ажыратылады.