03 сәу, 2021 сағат 09:01

Алматыда бір күнде 7 мыңнан астам адамға вакцина салынды

Алматыда бір тәулікте 7 мыңнан астам адамға коронавирусқа қарсы вакцина егілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«2 сәуірдегі жағдай бойынша 7 060 адамға вакцина салынды. Бүгін Алматы қаласының тұрғындарын иммундау процесі жалғасады», - деп хабарлады Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан.

Басқарма мәліметінше, қазір қалада 56 вакцина егу пункті жұмыс істейді.

Айта кетейік, вакцинаның бірінші компоненті 100% игерілді, барлығы 15 750 доза пайдаланылды. 

«Спутник-V» екінші компонентімен вакцинация (ревакцинация) 15 сәуірге дейін жалғасады.