08 қаң, 2025 сағат 17:20

Алматыда алып сәби дүниеге келді


Фото: freepik


Анар Жахина есімді Алматы тұрғыны алып баланы дүниеге әкелді. Дәрігерлердің қарауында болған ана Алматы қалалық перинаталды орталықта бесінші баласын босанды, деп хабарлайды Алматы қалалық перинаталды орталықтың баспасөз қызметі.


 "Ұлдың салмағы 5810 грамм, бойы 60 см. Балаға Мухаммад деген ат қойылды. Сәби үйдегі төртінші ұл, отбасында тағы  бір қыз бар. Анаға кесір тілігі жасалды. Әу баста ана өзі босанады деп жоспарланған. Алайда сәбидің салмағы ауыр болғандықтан дәрігерлер операция жасады",  - делінген хабарламада.