Коллаж: depositphotos.com
Алматыда баннер орнатып жатқан өнеркәсіптік альпинист 12-қабаттан құлап, қайтыс болды, - деп хабарлайды Ult.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 3 желтоқсанда Төле би көшесіндегі тұрғын үй кешендерінің бірінде болған. Қайтыс болған альпинист 27 жаста болған.
Алматы полиция департаменті өкілдері еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын айтты.
"Оқиғаның басқа мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу іс-шараларының кешені жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады ведомстводағылар.
Бұған дейін Алматыда 21 жастағы жігітті жүк лифті басып қалып, салдарынан ол мерт болған еді. Қайғылы оқиға логистикалық компанияның жеке қоймасының аумағында болған.