#
#
Жексенбі 11/04/2021

Алматы зообағында сұр кенгуру төлдеді

  • 04.03.2021
  • 0
  • 265

Алматы зообағында сұр кенгуру төлдеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Зообақтың баспасөз қызметінен хабарлағандай, 2017 жылы Новосібір қаласынан Марат пен Лара атты сұр кенгуру жұбы әкелінген болатын. Бұл олардың үшінші төлдері.

«Мәди мен Сая 2018 және 2019 жылдары туған болатын. Мәди қазір Барнаулда тұрады. Үшінші кенгуру былтыр қыркүйекте туды. Қашан туғанын дөп басып айту қиын. Себебі олар туысымен шақалақ күйінде қалтасына кіріп кетеді», - деді баспасөз қызметінен.

Алматы зообағының бас ветеринар дәрігері Алина Чимируктың айтуынша, жабайы табиғат аясында жануарлардың тіршілігіне қолайсыз факторлар жеткілікті.

«Олардың мекені тарылып, азық аумағы азайып келеді. Табиғат ластануы және бар. Зообақтар сол табиғаттың бір бөлшегін сақтап қалуға тырысып жатыр» - деді Алина Чимирук.

Ересек кенгуру тәулігіне 3 келі жеміс, сәбіз, орамжапырақ жейді.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар