
Алматы хайуанаттар бағында екі қонжық дүниеге келді. Зообақ қонжықтар есіміне байқау жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Біздің зообағымызда жақында тянь-шаньдық қонжықтар өмірге келді. Енді біз осы жаңа туған екі қонжыққа лайықты ат қоюға байқау жариялаймыз. Ұсыныс-пікірлеріңізді бөліссеңіздер болады», – делінген хабарлама
Тянь-Шань қоңыр аюы – Памир, Тянь-Шань және Гималай тауларында тұратын қоңыр аюдың оқшауланған аз түрі. Ол салыстырмалы түрде кішкентай: дене ұзындығы 140 см-ге дейін, салмағы 300 кг-ға дейін жетеді.
Ол жерлерде 200 және 300-дей аю тіршілік етеді.


