01 нау, 2021 сағат 13:24

Алматы сауда ойын-сауық орталығында ата-аналар төбелесті

Алматыдағы сауда орталықтарының бірінде болған төбелестің видеосы әлеуметтік желіде тарады. Полиция департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Видео кадрларынан төбелестің балалар ойын алаңында болғанын байқауға болады.

Төбелескендерді полиция қызметкерлері мен ер адамдар ажыратуға тырысып жатыр. 

Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі бейнежазбаның тексерілгендігін хабарлады.

«Бұл дерек ҚР ӘҚБтК 73-бабы «Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру» бойынша тіркелді» деп хабарлады ведомстводан.