#
#
Жексенбі 11/04/2021

Алматы облысының Алакөл ауданына жаңа әкім тағайындалды

  • 01.03.2021
  • 0
  • 164

Алматы облысы әкімінің өкімімен Алмас Сапарғалиұлы Абдинов Алакөл ауданының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат"

Алмас Сапарғалиұлы 1972 жылы туған. 

Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін тарих және мемлекеттік құқық пәнінің оқытушысы мамандығы және юриспруденция бакалавры бойынша бітірген. 

Еңбек жолын Шығыс Қазақстан облысында №4772 әскери бөлімде қойма бастығы болып бастаған.

Кейін Алакөл ауданы әкімі аппаратының әлеуметтік-мәдени сала, білім беру және денсаулық сақтау, ұйымдастыру, мемлекеттік-құқық және кадр бөлімінің, Алакөл ауданының ішкі саясаты бөлімінің бас маманы, Алакөл ауданы әкімінің көмекшісі, Қамысқала ауылдық округінің, Үшарал қалалық округінің әкімі болды.

2016 жылдың мамырдан бүгінгі күнге дейін Алматы облысы Алакөл ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. 

Айта кетейік, Алматы облысы әкімінің өкімімен Жақанбаев Әлібек Әскербекұлы басқа жұмысқа ауысуына байланысты Алакөл ауданының әкімі лауазымынан босатылды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Талдықорған қаласына да жаңа әкім тағайындалғанын хабарлаған болатынбыз. 

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар