24 шіл, 2024 сағат 11:42

Алматы облысындағы "Қазпошта" АҚ кассирлері 84 млн теңге мемлекеттік бажды ұрлап әкеткен

Фото: Қазпошта
Қаржылық мониторинг агенттігі Алматы облысы прокуратураның үйлестіруімен мемлекеттік қызметтер көрсетілгендігі үшін жасалған төлемдерді аса ірі мөлшерде жымқыру мән-жайы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру бастады, -деп хабарлайды "Ұлт Ақпарат". 

Тергеп-тексерумен Алматы облысы Жамбыл ауданының халыққа қызмет көрсету бөлімінде қызмет көрсететін «Қазпошта» АҚ кассирлері 2021-2023 жылдар аралығында паспорт және жеке куәлікті рәсімдеу барысында мемлекеттік баждың бір бөлігін иемденіп отырғандығы анықталды.

Көші-қон қызметіне баж соммасы жайлы көрінеу жалған ақпарат енгізілген түбіртекті ұсынып, мемлекетке 84 млн теңгеден аса шығын келтірген.   

Тергеп-тексеру жалғасуда, өзге ақпарат ҚР ҚПК 201 бабына сәйкес жариялауға жатпайды.

Қаржылық мониторинг агенттігі экономикалық құқықбұзушылықтар үшін заңмен жауапкершілік көзделгендігін ескертеді. 
Сондай-ақ, Агенттік экономикалық құқықбұзушылықтар жайлы «АФМ Insider» телеграмм боты арқылы хабарлау мүмкіндігі барын еске салады.