#
#
Жексенбі 11/04/2021

Алматы облысында мас жүргізуші 4 оқушы қызды қағып кетті

  • 03.03.2021
  • 0
  • 238

Алматы облысында мас көлік жүргізуші 4 оқушыны қағып кетті. Әртүрлі дене жарақаттарын алған үш бала ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Оқиға 2 наурызда сағат 18:40-та Еңбекшіқазақ ауданында болған. «Уаз» автокөлігі Арзиев көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, жол жиегінде тұрған екі 8 жастағы және екі 9 жастағы қыздарды қағып кетті. Алматы облысының Полиция департаменті көлікті басқарған Еңбекшіқазақ ауданы Корам ауылының 54 жастағы тұрғынын ұстады. Ол көлікті мас күйінде жүргізген», - деді Полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Жарақат алған үш бала Шелек аудандық ауруханасына жатқызылды. Жүргізуші медициналық айықтыру пунктіне орналастырылды. 

Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасына сәйкес ҚР ҚК 345-1 бабы, 2-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар