03 нау, 2021 сағат 13:15

Алматы облысында көлік қаққан оқушының екеуі ес-түссіз жатыр

Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында көлік қаққан екі оқушының жағдайы өте ауыр. 2012 жылғы балалар ес-түссіз ауруханада жатыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«2012 жылғы екі қыздың жағдайы өте ауыр. Арнайы аппараттың көмегімен демалып жатыр. Бас-ми жарақатын алған. Жамбас сүйектері сынған. Ал үшінші 2011 жылғы қыздың жағдайы тұрақты. Аяғы сынған», - деді Алматы облыстық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің өкілі Ләйлім Әубәкірова. 

Естеріңізге сала кетейік, ақпанның 2-сі күні Еңбекшіқазақ ауданының Қорам ауылында 4 оқушы қызды көлік қағып кетті. Оның үшеуі ауруханаға түсті. Көлікті жүргізген 54 жастағы азаматтың ішімдік ішкені анықталды.