02 там, 2021 сағат 17:16

Алматы неліктен коронавирус бойынша «қою қызыл» аймаққа өтті?


Қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес Алматы коронавирус бойынша «қою қызыл» аймаққа өтті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Ол жайында қаланың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова түсіндіріп берді. 

«Неліктен Алматы «қою қызыл» аймаққа кірді? Бұл - ең алдымен алдын алу шарасы. Тәулік сайын тұрғындар арасында коронавирус инфекциясын жұқтырудың 1200-1500-ден астам жағдайы тіркеліп отыр», - деп атап өтті ол. 

Ол сондай-ақ қара қызыл аймақты анықтау үшін қандай критерийлер бар екенін түсіндірді. 

«Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес жалғыз критерий белгіленді. Ол – инфекциялық стационарлардағы, атап айтқанда КВИ жұқтырған науқастарды емдеуге арналған стационарлардағы төсек-орынның толуы», - деді спикер. 

Сондай-ақ, Әсел Қалықова қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, ауруханалардағы толып қалған орындардың үлесі 65,6% құрайтынын атап өтті. 

Барлығы 7 625 орын бөлінді, оның ішінде 7 045 орын толып қалған. 

Бұған дейін Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин карантин туралы жаңа қаулыға қол қойған болатын.