
Алматыда қалалық мобильділік басқармасы метрополитеннің барлық станциясы WI-FI желісімен жабдықталғанын мәлім етті, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Тегін WI-FI желісіне метроға кіреберістен станцияға түскенге дейін қосылу керек.
"WI-FI желісіне кіру үшін пайдаланушы METRO Wi-FI желісіне қосылуы керек. Кейін автоматты түрде сәйкестендіру бетіне өтесіз. Онда телефон нөміріңізді енгізіп, растау батырмасын басу керек", - деп толықтырды "Метрополитен" баспасөз қызметі өкілдері.
