#
#
Жексенбі 11/04/2021

Алматы автопарктері 400-ге жуық экологиялық автобус сатып алмақ

  • 04.03.2021
  • 0
  • 207

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен жолаушылар тасымалы саласын дамыту жөніндегі кеңесте қоғамдық көлікті жаңарту, кадр тапшылығын шешу және жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру мәселелері қаралды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Экологияны сауықтыру мақсатында дизельді автобустарды газбен ауыстыру мәселесі кезеңмен шешілуде. 

Дизельмен жүретін автобустар қала маңы бағыттарына ауыстырылады. 

Толық ауыстыруды аяқтау 2025 жылға дейін жоспарланған. 

Бүгін жолаушылар тасымалдау үшін газбен жүретін 352 автобус, дизельді отындағы 1373 автобус, электрдің тартуындағы 14 автобус, 160 троллейбус жолға шығып тұр. 

Биыл жеке тасымалдаушылар экологиялық таза жанармаймен жүретін 246 автобус сатып алуды жоспарлап отыр. Оның 208-і газбен, 38-і электр тартуымен жүреді.

Сонымен қатар, жақын арада «Алматыэлектротранс» ЖШС-нің қалған 150 автобусы жеткізіледі. 

Көліктерді жанармаймен үздіксіз қамтамасыз ету үшін автопарк жеке жанармай бекетін іске қосты.

Жүргізушілер тапшылығы мәселесін шешу үшін «Алматыэлектротранс» ЖШС-да әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларды жасап жатыр. 

Атап айтқанда тамақ ұйымдастырылып, қажетті киім формалары сатып алынуда. Ынталандыру үшін сыйлық ақшалар төленуде. 

Тек ақпан айында ғана 100 жүргізуші қабылданды. Алдағы екі айда тағы 400 адам жұмысқа қабылданатын болады.

Өткен айда 100 автобус жөнделді, алдағы үш айда тағы 90-ы іске қосылады, ал жыл соңына дейін қосымша 100 көлік жөнделіп, пайдалануға беріледі. 

Бұл шаралар жолаушыларға қызмет көрсетуді жақсартып, көлік бағыттарының санын ұлғайтып жатыр. 

Жүргізушілердің жұмысын бақылау диспетчерлік қызмет арқылы жүзеге асырылады. «AET» жеке бағыттарында «Сапалы қызмет» пилоттық жобасы іске қосылады.

Алматы әкімі Б. Сағынтаев қоғамдық көліктер тарпынан болатын жол-көлік апаттарының санын азайту үшін барлық автобустарда бейнебақылау камераларын орнатуды тапсырды. 

Бұдан өзге, полиция департаментіне құзырлы мемлекеттік органдармен бірлесіп желіге техникалық ақауы бар көліктерді шығарғандары және жүргізушілердің жол ережесін бұзғаны, жолаушыларға қызмет көрсетуде тәртіп нормаларын сақтамағандары үшін автопарк басшыларының жауапкершіліктерін күшейту тапсырылды.

Кездесуді қорытындылаған Алматы әкімі жолаушылар тасымалының сапасы мен қауіпсіздігін жақсарту үшін күнделікті жұмыс жасауды тапсырды. 

Цифрландыру деңгейін көтеру және автопарктердің басқару үрдістеріне жаңа технологияларды енгізу қажет. 

Сондай-ақ, жеке автопарктердің жұмысына бақылауды күшейту және қоғамдық көлік аялдамаларын қалыпты жағдайда ұстау тапсырылды.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар