01 мау, 2024 сағат 20:49

Алматы әуежайында жаңа халықаралық жолаушылар терминалын ашылды


Фото:azattyq-ruhy

Алматы халықаралық әуежайы жаңа халықаралық жолаушылар терминалын ашып, алғашқы жолаушыларын қарсы алды, - деп хабарлайды "Ұлт Ақпарат".

Жаңа халықаралық терминалға келген алғашқы рейс - Air Astana әуекомпаниясының KC664 Лондон-Алматы бағытындағы ұшағы сағат 08.40-та келді. Онда 94 жолаушы болды. 

Нысанның ашылуына мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев келіп қатысты.  Мамандар жаңа әуежай 10 баллға дейінгі жер сілкінісіне төтеп бере алады деп отыр. 

Естеріңізге сала кетейік, ескі терминал жылына 2,7 миллион халыққа қызмет көрсетуге шақталған. Дегенмен былтырдың өзінде Алматыға ұшақпен 9 миллионнан астам адам қатынаған екен. Ал жаңа терминал 14 миллион жолаушыға қызмет көрсетуге қауқарлы көрінеді.