16 ақп, 2021 сағат 07:53

Алматы әкіміне есеп беру жиынында қалай сауал жолдауға болады?

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қала тұрғындарымен өтетін есептік кездесуінде мегаполистің 2020 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының нәтижелері мен жетістіктері, сондай-ақ 2021 жылға арналған даму жоспарлары туралы айтады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың есептік кездесуі онлайн форматта 17 ақпан күні сағат 10.00-де өтеді. Онлайн трансляция әкімдіктің сайты мен «Алматы» телеарнасында және әлеуметтік желідегі парақшаларында көрсетіледі. 

Сауалдарды 1308 бірыңғай желісі арқылы жолдауға болады.Сонымен қатар сұрақтарды 8 777 046 33 33 WhatsApp нөміріне жіберуге немесе есеп беру кездесуінің әлеуметтік желілердегі трансляцияда пікір ретінде қалдыруға болады. Сондай-ақ, қала тұрғындары Zoom платформасы арқылы тікелей эфирге қосыла алады. 

Бұдан өзге санитарлық нормалары сақталған арнайы жабдықталған мына мекенжайдағы мекемеге келіп сұрақ қоюға немесе ұсыныс қалдыруға болады: 

Алатау ауданы – Алатау шығармашылық хабы, Нұркент ықшамауданы 5;

Наурызбай ауданы – Наурызбай ауданы әкімдігінің аппараты, Шұғыла ықшамауданы 347;

Әуезов ауданы – Әуезов ауданы әкімдігінің аппараты, 12-ықшамауданы 23;

Бостандық ауданы – Алматы Бас жоспары ғимараты, Абай даңғылы 90;

Жетісу ауданы – Жетісу ауданы әкімдігінің аппараты, Серіков көшесі 2А;

Медеу ауданы – Республика сарайы, Достық даңғылы 56;

Алмалы ауданы – «Нұр Отан» партиясы Алматы филиалының ғимараты, Абылай хан даңғылы 79; 

Түрксіб ауданы – Алматы Халықаралық әуежайының мәдениет үйі; 

Бұл жерлерде тұрғындардың сұрағы немесе ұсынысын қабылдайтын арнайы жәшіктер орнатылады. Сонымен қатар, мәселелерді шұғыл шешіп және қарау үшін қоғамдық қабылдау бөлмелері ашық болады. Онда әкімдіктердің уәкілетті қызметкерлері тұрғындардың мәселелері бойынша жұмыс істейді. 

Трансляция төменде көрсетілген платформаларда өтеді:

facebook.com/sagintayev.b/

facebook.com/almaty.gov.kz/

facebook.com/rsk.almaty02/

facebook.com/OpenAlmaty/

facebook.com/groups/498553934155730/?ref=share

facebook.com/almaty.tv.kaz/

facebook.com/almaty.tv/

youtube.com/c/AlmatyUS

Шешімін табуды қажет ететін өзекті мәселе туындаған жағдайда хаттың мәтінінде ауданды, мекенжай мен байланыс нөмірін көрсету керек.