
Алматы әкімі халыққа есеп беру кездесуінде балшық көшелерге шағымданған тұрғындарға жауап берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Бұған дейін, алматылықтар балшыққа батып жатқан шағынаудандардың видеосын әлеуметтік желіге жүктеп таратқан болатын. Тұрғындардың айтуынша, жедел жәрдем мен басқа да көліктер балшыққа батып, шыға алмайды.
Есеп беру жиынында қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Алатау мен Наурызбай аудандарындағы жағдайға түсінік берді.
«Біз былтыр жыл соңында су құбыры мен су тарту жұмыстарын аяқтадық, ал қыс мезгілінде асфальт төсей алмаймыз. Биыл қыс, ақпан өте жылы. Десекте, бетон шығаратын зауыттар әлі жұмыс істемейді, сондықтан жөдеу жқмыстарын бастай алмаймыз. Наурыздың ортасында асфальттау басталады.Ақша бар, мердігерлер жұмысын күтіп отыр. Бірақ олар да материалсыз бастай алмайды. Асфальт болмаса, немен жасайды? Жағдайға түсіністікпен қарауларыңызды өтінемін. Наурызбай ауданында да солай.Осы маусымнан өту үшін қиыршық тас төгіп жатырмыз», - деп жауап берді әкім.
